Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елбасы Ресей мен Украина арасындағы саяси дауға қатысты өз көзқарасын білдірді

Назарбаев халықаралық лаңкестік әлемді жайлап барады, жаппай қырып-жою қаруының таралу қаупі артып отырған кезде ел басшыларының саяси еркінің бірлігі болу керек екенлігін айтты.

“Ядролық қаруы бар державалар арасында болуы мүмкін қақтығыстың үлкен қаупі бар. Жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Батыс пен Ресейдің конструктив диалогы күрделі мәселе болып отыр. Екі жақты санкциялар Еуропа мен Ресейге ғана кері әсер етіп отырған жоқ, басқа да аймақтарды қамтып отыр. Бұл әлемдік экономиканы қалыпқа келтіруге септігін тигізіп жатқан жоқ.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы оқиғалар әрқашан бірге болып келген елдердің арасында өткір қайшылық туғызды. Мұндай жағдай бұл елдердің достас болып келетін мемлекеттердің өкінішін туғызды, әсіресе менің.

Біз тараптарды бұл мәселелерді шешетіндей салмақты келіссөздер бастауға шақырамыз. Басқа баламасы жоқ. Кез келген қақтығыс, тіпті бейбіт соғыста келіссөз үстелінде шешіледі. Мен осыған шақырып отырмын”, – дейді Назарбаев.

Елбасы Қазақстан келіссөз процесіне барынша демесуге әзір екенін де айтты.

“Біз осыны жасап отырмыз да. Жеке мен 20 елдің кездесуінде АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуінен үлкен үміт артып отырмын. Ортақ мәмілеге келетін тұстар табылуы керек. Бұл бейбітшілік үшін, лаңкестік сияқты ортақ жаумен күресу үшін қажет”, – дейді Назарбаев.

Еске салайық, 2-шілдеде Қазақстан дипломатиялық қызметкер күнін атап өтті. Бұл қызметтің басында Сыртқы істер министрлігі тұр. Сонымен қатар, елдердің сыртық қатынасына елшілік пен консулдықтар, СІМ-нің халықаралық ұйымдардағы өкілдері және дипломатиялық қызметкерлерді даярлайтын жоғарғы оқу орындары да осы салаға кіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз