Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-11
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Елбасы не үшін Конституциялық кеңеске жүгінді? — саясаттанушылар

355
Akorda.kz

Президенттің Негізгі заң тәртіптерінің бірін ресми түсіндіріп беру өтінішімен Конституциялық кеңеске үндеу жолдауы аптаның басты жаңалықтарының бірі болды.

5 ақпанда Конституциялық кеңестің ресми сайтында «өтініш бойынша түсініктеме» жарияланды.

Мемлекет басшысы Конституциялық кеңеске Конституцияның мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату шарттары туралы тармағын түсіндіруді өтінді.

Сонымен қатар, бұл құжат «осы жылдар ішінде Конституциялық Кеңес жүздеген өтінішті қарағанын, олардың ішінде 20-дан астамы мемлекет басшысынан болғанын» баяндайды.

Елбасының Кеңеске жүгіну дерегінің өзі қоғам арасында түрлі себептер мен салдарға болжам жасауға түрткі болды.

Жеке себептері бойынша орнынан кету көзделмеген

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Facebook парақшасында өз пікірімен бөлісті.

— Конституцияның баптары ел Президентінің өкілеттігі қандай жағдайларда және қандай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін екенін айқындайтындай көрінеді. Алайда егер мерзімінен бұрын қызметінен кету жағдайын алатын болсақ, мұнда біршама қиындықтар туындайды. Мемлекет басшысының белгілі бір жеке немесе саяси себептер бойынша отставкаға кетуі сияқты рәсімдер Негізгі заңда мүлдем қарастырылмаған, — деп атап өтті Чеботарев.

ҚР Президенті мерзімінен бұрын «науқастануы бойынша өз міндеттерін жүзеге асыра алмаған жағдайда» немесе мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қызметінен кете алады. Сондай-ақ, саясаттанушы импичменттің жүзеге асырылуы екіталай екенін атап өтті.

Сарапшының ойынша, Елбасы өтінішінің себебі тек біреу — «мерзімінен бұрын босату» ұғымын кеңейту мүмкіндігін анықтау». Бұл ретте Конституциялық кеңес қабылдайтын шешімі өте күрделі әрі әсері зор нәтижеге ие болуы мүмкін.

— Әрине, орган бәрін сол қалпында қалдыруы мүмкін. Және мемлекет басшысының өз бастамасымен отставкаға кетуіне жол бермеуі мүмкін. Мұндай нұсқа Президент өз еркімен отставкаға кете алмайтынын біреуге көрсету, не сендіру керек болған жағдайда ғана орын алатын сияқты, – деп есептейді Чеботарев.

Бірақ бұл нұсқаға саясаттанушы күмәнмен қарайды.

Ықтимал сценарийлер

Сарапшы КК Президенттің өз қалауы бойынша кез келген уақытта қызметтен кету құқығын анықтайды деп болжайды.

Алайда мұндай жағдайда билік транзитінің екі ықтимал сценарийі қарастырылуы мүмкін.

Бірінші. Президент өзінің отставкаға кететінін жақын арада болмаса да, президенттік сайлау өткізгенге дейін нақты хабарлайды. Мұндай жағдайда Конституцияға сәйкес оның өкілеттігі Сенат төрағасына өтеді. Ол мемлекет басшысымен таңдалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасайтын болады.

Екінші. Мемлекет басшысы президенттік сайлауға өзі қатысады (кезекті немесе кезектен тыс болсын, маңызды емес). Тағы да өз лауазымына қайта сайланады да, кейін кез келген қолайлы сәтте отставкаға кетеді. Мұндай жағдайда оның ізбасары елді «м.а.» мәртебесімен қалған мерзім бойы басқара алады. Осындай сценариймен президент міндетін атқарушы өз позицияларын нығайта алып,

уақыт өткен соң толық құқылы президент болуға қайта сайлануын қамтамасыз ете алады

Әрине, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Елбасының бақылауымен және қамқорлығымен.

— Егер Президенттің Конституциялық кеңеске жүгінуі өзіндік бір жұмбақ болмаса, ол билік транзитіне дайындықтың бір қадамы болуы мүмкін, — деп түйіндеді сарапшы.

Сынақ тәсілі

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев

президент бірегей әрекет етуді жақсы көретінін

және оның тактикалық қадамдарын есептеу мүмкін емес екенін атап өтті.

— Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңеске үндеуі ағымдағы саяси процестерге қосымша интрига береді. Айта кетерлігі, үндеуде президенттік сайлау мерзімі туралы бір ауыз сөз жоқ, — дейді ол.

Бұл ретте негізгі нұсқа: үндеу мерзімінен бұрын сайлауға қатысты кіріспе болып табылады. Алайда бірқатар қосымша міндеттері де болуы мүмкін.

— Бәлкім жұртшылықтың реакциясын бағалау үшін іске қосылған сынақ тәсілі болар

және өңірлік элиталар мен ықпалды топтардың көшбасшыларының адалдығын тексеріп көру. Кенет біреулердің жүйкесі сыр беріп, қуаныштан тынысы тарылып қалса ше, – деді Сұлтанғалиев.

Екінші нұсқа: бұл мерзімінен бұрын парламенттік-мәслихаттық сайлауды ықтимал жариялаудан қандай да алаңдатпа маневр. Алайда саясаттанушыға бұл үшін маневрдің не үшін қажет болғаны түсініксіз.

Үшінші нұсқа: мемлекет басшысы отставкаға кетуді шешті. Бұл тек денсаулық жағдайына байланысты ғана іске асуы мүмкін, ал оны бағалау қиын. Сонымен қатар, Сұлтанғалиевтің пікірінше,

бұл шешімнің салдары маңызды кадрлық өзгерістерге алып келеді

Ал әзірше өзгеріс жоқ.

— Сондықтан, оқиғаның барысын Конституциялық кеңес шешімінен кейін ғана нақтырақ болжауға болады, – деп қорытындылады ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз