Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасы: Конституция әлеуеті Қазақстанның дамуына ұзақ жылдар қызмет етеді

Осы орайда Президент 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы қазақстандық мемлекеттілік дамуының, адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуының берік іргетасын қалағанын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан, халықаралық қоғамдастықта мойындалған қазақстандық қоғам дамуының бірегей моделі қоғамдық келісім мен тұрақтылық, экономикалық даму және Қазақстан халқының ортақ тарихи тағдыры туралы конституциялық ережелердің мүлтіксіз сақталуының арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда елімізде Парламенттің, Үкіметтің және жергілікті өкілді органдардың өкілеттілігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берген Конституциялық реформа сәтті жүзеге асырылды.

Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, Конституциямен қабылданған заңдарға жоғары құрмет дәрежесін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Құқықтық үстемдік ету, Конституцияның жоғары тұруы, заңның билігі – бұл бүгінгі таңда Қазақстанның сәтті дамуының және оның заманауи жаһанда лайықты орынға ие болуының аса маңызды мәселесі. Қолданыстағы Конституцияның әлеуеті Қазақстанның одан әрі дамуына және әлемнің барынша дамыған отыз елінің қатарына кіруіне ұзақ жылдар қызмет ететініне кәміл сенемін. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!», – деді Елбасы.

Бұл шара ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының қорымен, Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиямен, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасының кеңсесімен, сондай-ақ елордадағы жетекші университеттермен бірлесіп өткізілді. Айта кетейік, жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, конституциялық бақылау органдары, 20-дан астам халықаралық белгілі ғалымдар мен құқықтанушылар қатысуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз