Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елбасы Кәмшат Дөненбаеваның жақындарына көңіл айтты

Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Кәмшат Дөненбаева 1937 жылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ленин совхозында туған. Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында бастаған. 1961 жылдан Қостанай облысы Боровский ауданы «Харьковский» совхозында механизатор болып еңбек еткен. Осы облыстың Меңдіқара ауданындағы «Каменьск-Уральский» кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты, кейін Қостанай ауыл шаруашылығы техникумын сырттай оқыды.

Тың ардагері, ардақты ана, аяулы әже Кәмшат Байғазықызы қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмады. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің мүшесі, Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамында бірнеше қызметтерді атқарды.

1980-1985 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған. 1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарды.

Қостанай облысының және Қостанай қаласының құрметті азаматы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз