Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көші-қон қызметі комитетін құруды тапсырды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру” туралы Қаулы Президенттің сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы үкіметтегілерге қайта бөлiнетiн штат саны шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетін құруды тапсырды. Сондай-ақ, Назарбаев үкіметтегілерге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар арасында штат санын қайта бөлуді тапсырды.