Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын”, – делінген Президент қаулысында.