Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару қызметі Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке міндеттелді.