Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңеске ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Оңжанов пен Әлихан Смайылов қатысты.
«Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.