Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елбасы Ақордада Түркия президенті Режеп Ердоғанды қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– 25 жылдың ішінде Қазақстан мен Түркия арасында ағайыншылық қарым-қатынастан басқа мәселе болған жоқ. Сіздің соңғы сапарыңыз кезінде біз экономика, екіжақты қарым-қатынас жөніндегі біраз мәселе бойынша келістік. Жасалып жатқан жұмыстар көп. Сіз бен Путиннің сұрауымен Сирия мәселесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қыркүйектің 14-інде тағы бір кездесу болады. Ертең 57 ислам мемлекетінің делегация басшылары, дүниежүзілік ұйымдар, барлығы 70-тен астам делегация келеді. Соған қатысасыз. Соған да ризашылығымды білдіремін.

Өз кезегінде Түркия басшысы қазақ xалқының, соның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық шиеленістерді шешу жолындағы ерен еңбегін ерекше атап өтті.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

– Аймақтық мәселелерді шешуде Сізге, ақсақалымызға жеке бастамаларыңыз үшін ерекше алғысымды білдіремін. 14-інде болатын Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөздері де өте маңызды. Біраз жұмыстар аяқталды деп естігенмін. Енді нақты бір нәтижеге келу керек. Сәтін салса, осы қадамдардың жемісін Астанада көреміз. Осылайша Женева процесі де жеңілдей түседі деп сенемін.

https://kaz.365info.kz/tyrkiya-prezidenti-khazakhstanga-keldi-foto-279349

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз