Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
18
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ел өндірісі қаңтар оқиғаларының салдарынан құтыла бастады

2022 жылғы қаңтарда 2021 жылғы желтоқсанға қатысты өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемі 18,9% – ға төмендесе, ақпанда өткен айға қарағанда 1,3%-ға өсім қалыптасты.

Индустриялық өсудің негізгі көзі бұл жолы 8% қосып отырған өңдеу өнеркәсібі болды.

Тауарлардың жекелеген санаттары бойынша ақпан айында өнім шығару артты:

  • азық-түлік өнімдері — 8,5%-ға
  • сусын өндірісі — 20,8%
  • темекі өнімдері — 78,9%
  • киім — 5,7%
  • тоқыма бұйымдары — 41,5%
  • былғары өнімдері — 2,3%
  • ағаш және тығын бұйымдары — 21,3%
  • мұнай өңдеу өнімдері — 1,1%
  • химиялық өнімдер — 7,2%
  • негізгі фармацевтикалық өнімдер — 22,9%
  • резеңке және пластмасса бұйымдары — 2%
  • негізгі асыл және түсті металдар — 9,8%
  • дайын металл өнімдері — 14,6%
  • электр жабдықтары — 18,9%
  • автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер — 10,6%
  • жиһаз — 21,3%

Теріс тренд мына санаттар бойынша қалыптасты:

  • қағаз және қағаздане жасалатын өнім өндірісі 9,6%-ға төмендеді;
  • қара металдар — 2,5%-ға;
  • компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер — 2,3%

Жылдық мәнде, яғни былтырғы ақпанға қарай өңдеу өнеркәсібінде 8,5%-ға, ал орташа жылдық (өткен жылдың ұқсас кезеңіне қаңтар – ақпан) – 3,9%-ға өсім қалыптасты.

Өндіру және жабдықтау

Отандық индустрияның тағы бір “локомотиві” – тау-кен өндіру саласында ақпан айы шығару көлемінің қаңтармен салыстырғанда 2,8%-ға төмендеуімен аяқталды.

Бұл құлдырау өндірісі 9,4%-ға құлдыраған мұнайға байланысты болды, табиғи газ (7,7%) және темір кені (12,9%) төмендеді. Өндіріс өсімі көмір (4,5%) және түсті металл кендері (16%) арқылы сақталды.
Бірақ бұл саладағы жылдық және орташа жылдық есептеулерінде өсім тиісінше 5,6% және 6,4% өсім түрінде оң көрсеткішті сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және әуе кондиционерлеуі саласында ақпан айына қарай шығарылымның 6,5%-ға төмендеуі байқалды. Теріс тренд мұнда жылдық (0,8%) және орташа жылдық (2%) мәнде де қалыптасты.

Бірақ басқа инфрақұрылымдық салада – сумен жабдықтау, кәріз және қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау бойынша жағдай өте жақсы көрсеткіш байқатып отыр. Қаңтармен салыстырғанда оның нақты өндіріс көлемі 4,1%-ға, жылдық есептеуде – 6,8%-ға, орташа жылдық – 5,8%-ға ұлғайды.

Алматы шокқа қарамастан өсіп келеді

Тұтастай алғанда, бүкіл отандық индустрия бойынша өнім шығару былтырғы ақпанға қарай 6,5%-ға, ал қаңтар-ақпан айларында 2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда – 4,7%-ға өсті.
Осыған байланысты қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ең көп шығынға ұшыраған Алматы өте жақсы көрсеткішке жетіп отыр. Оңтүстік астанада ақпанның нақты өндіріс көлемі қаңтармен салыстырғанда 20,3%-ға артыпты. Бұл ел өңірлері арасындағы ең жоғары өсім болып отыр.

Көш бастағандардың үштігіне Нұр-Сұлтан (17,3%) және Алматы облысы (16,3%) кірді.
Статистиканың индустриялық шығарылымының төмендеуі Атырау (7,4%), Батыс Қазақстан (9,5%), Жамбыл (6,2%), Қостанай (7,0%) және Маңғыстау (6,6%) облыстарында тіркелді.

Есептеу уақытында жылдық мәнде 13,9% өсіммен Алматы көш бастап тұр, ал ең көп төмендеу Ақтөбе облысында – 2,2%-ға тұрақтады.

Статистикалық есептеулерде орташа жылдық есептеуде ең көп ұлғаю Атырау облысында байқалды (15,0%). Осындай есептеу тәсілі кезінде үш аутсайдер байқалды – Ақтөбе облысы, онда өндірістің нақты көлемі 7,9%-ға төмендеді, Қызылорда (5,8%) және Павлодар (1,0%) облыстары.

*ҚР өңірлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемінің индекстері.*

*2022 жылғы қаңтар-ақпанда ҚР өңірлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемінің 2021 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда %-бен өзгеруі көрсеткіші (өсім +, төмендеу -)*

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз