Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Эль-классико. Тәжік футболшылары Түркіменстан құрамасын жеңді

Қонақтар қақпасына үш голды да Тәжікстан құрамасының шабуылшысы Манучехр Жалилов соқты. Тәжік құрамасында бес легионер ойнады – қақпашы Абдуазиз Махкамов (“Алай”, Қырғызстан), қорғаушы Искандар Жалилов (“Дунав”, Болгария), жартылай қорғаушы Нұриддин Давронов (“Дунав”, Болгария) және Парвизжон Умарбоев (“Локомотив”, Пловдив, Болгария), сондай-ақ шабуылшы Джахонгир Эргашев (“Динамо-Брест”, Белоруссия).

Тәжікстан және Түркіменстан құрамалары 24 жылда 8 ресми және жолдастық кездесу өткізген – командалар үш реттен жеңіске жетіп, екі мәрте тең тарқасқан.

Азия біріншілігінің іріктеу туры қарсаңындағы кезекті жолдастық кездесуін Тәжікстан 11 қарашада Ауғанстан құрамасымен өткізеді. Матч душанбелік орталық стадионда өтеді.

a8835af3-a9ba-4321-8d6f-99fd79e6e62a_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз