Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ЭКСПО қарсаңында ұшты күйлі жоғалған астаналық бомждар Көкшетаудан табылды

“Бізді Астанадан алып келді. 15 адам. ЭКСПО болады деді. Енді қайда барарымызды білмейміз. Құлап қалдым, енді жатырмын”, – дейді кезбе Николай Сокол.

Әрине, қаңғыбастардың 300 шақырымды артқа тастап, Астанадан Көкшетауға қоныс аудару ойларында да болмапты. Айтуларынша, оларды арнайы автобуспен Көкшетауға жеткізген де, көшелерге қоя берген. “Астанадан келдік. Қуып жіберді.ЭКСПО  дей ме сондай екен. 50 адамды автобусқа тиеп әкелді ғой”

– дейді Нұрлан Жанпейісов.

Көкшетауға қоныс аударған елордалық тұрақты мекен-жайы жоқ  адамдардың көңіл-күйлері жоқ. Астанадағы «жілікті орындарынан» айрылғанына ашулы. Оның үстіне шақырылмаған қонақтарға жергілікті қаңғыбастар қыр көрсете бастаған. Тұрғындарда оларды мүсіркеп отырған жоқ.

Мекен-жайы өзгерген астаналық қаңғыбастар ЭКСПО өтетін жерге бармас едік деп ренжулі. Ал полицейлер үй-күйсіздерді бас қаладан қуып жатқан жоқпыз дейді. Керісінше, арнайы орталыққа жеткізіп, бас сауғалайтын жер тауып берген. “Орталыққа 300 ден астам тұрақты мекен жайы жоқ азамат жеткізілді. Олардың кім екені анықталғаннан кейін туыстарын іздейміз”, – дейді Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Сондай-ақ, полицейлер үй күйсіздердің ауруын анықтап, емделуіне, құжаттарын қайта қалпына келтіруге де көмектесіп жатыр екен. Ал күтпеген жерден жер ауып кеткен қаңғыбастар Астананы сағынып жүргендерін айтады. Бірақ қайтарға соқыр тиындары да жоқ. Енді оларға ЭКСПО бітпейінше, яғни күзге дейін азығын Көкшетаудан табуға тура келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз