Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

ЭКСПО кезінде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Концерт елордадағы «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде 27 маусым күні кешкі 19:00-де басталады деп көрсетілген. Кеш 2 сағатқа созылады деп жоспарланған. Әзірге билеттер сатылымға шыққан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген бұған дейін «Жэньминь жибао» («Халық газеті») басылымына сұхбат беріп, қытайлық азаматтарды Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырған болатын.

«Биыл маусым айында Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылады. ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет Орталық Азия елінде өткізіледі. Барлықтарыңызды Қазақстанға келіп, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, қазақтың әсем табиғатын көруге, дәмді тағамдарынан ауыз тиюге шақырамын. Бәрі сәтімен болса, мен аталмыш көрмеде ән айтатын боламын», – деген еді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген оныншы кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің «Ұмытылмас күн» атты әнін қазақ және қытай тілінде орындап, үшінші орыннан көрінді.

Осылайша ол финалға жолдама алған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз