Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ЭКСПО-да шетелдіктерді таң қалдырған қазақ кім?

322

“Бұл өнер маған қанмен келген. Әкем де, атам да ағаштан түйін түйген шеберлер болды. Сауда саласында табысы мол үлкен мүмкіндіктер болды. Бірақ, бәрібір осы өнер мені басқа арнаға бұрғызбады. Өйткені тек осы жұмысымнан ғана ләззат аламын, ықыласыммен істеймін”,- дейді он саусағынан өнер тамған шебер.

Махамбет Қоңқайдың қолынан шыққан кәдесыйлардың барлығы малдың сүйегі мен мүйізінен, мәрмәр тастар мен ағаштан жасалған. Әр туындысының дизайнын да өзі дайындап, оюларды өзі салатын шебер әшекейлі ағаш сандықтарды да жасайды екен.

 

“Мен кәдесыйдан бөлек ағаштан сәнді сандықтар жасаймын. Оған да сүйектен оюлар оямын. Туындыларымның барлығына тек сүйек, мүйіз, ағаш сияқты табиғи өнімдерді пайдаланамын. Ешқандай бояу да қолданбаймын. Жіліктердің, кеміктердің барлығы майы алынып, құрғатылған. Пішінін ешуақытта өзгертпейді”, -дейді қандасымыз.

Этноауылды тамашалауға келген қытайлық қонақ Махамбеттің қолынан шыққан кәдесыйларға ерекше тәнті болды. Әсірсе, мүйізден жасалып, кеміктен қақпақ орнатқан шақшаға таң қалған қытайлық қалтасында теңгесі болмағанына қарамастан шақшаны Қытай юанімен сатып алды.

“Мен Қытайдың қазақтар көп қоныстанатын Шыңжаң өңірінен келдім. Сондықтан қазақ халқының мәдениет, салт-дәстүрімен жақын таныспын. Бірақ бұл шебердің туындылары мені ерекше таң қалдырды. Насыбай салатын шақшаны сүйектен жасау тек хас шебердің ғана қолынан келетін болар”,- дейді қытайлық турист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз