ҚР бұрынғы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин АҚШ-қа кетті. Ол сапардың мақсаты туралы Instagram парақшасында нақты айтып берді.
Бұрынғы шенеунік 30 мамырда Сан-Францискодан отбасымен түскен суретін жариялады.
«АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды, әрине, мен кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын. Осы жолы бірнеше отбасымның мұшелерімен келдім. Менімен бірге сүйікті Динам және кенже қызым Бірғаным бар. Біріншіден, кез келген кәсіби маман ретінде технологиялық дамудың алдыңғы қатарында болу мен үшін де маңызды. Сол себепті осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысамын. Сондай-ақ біз қызымызға оның жасөспірім өміріндегі қызықты оқиғалардың бірінде қолдау көрсетіп келдік. Кенже қызымыз мектебімен робототехника жарыстарына қатысады», – деді экс-министр.