Экс күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін пышақталған Баян Мақсатқызының денсаулығы әлі сыр беріп жүр.
Қарағандылықтармен кездесу өткіземін деп жоспарлаған продюсер денсаулығының кесірінен бара алмады.
«Күз – таңғажайып, алайда «жауыз» жыл мезгілі. Құрметті қарағандылықтар! Мен бұған дейін жоспарлағанымдай, кітабымның тұсаукесеріне сіздерге келе алмайтын болдым… Сырқаттанып қалдым. Ауа-райы ауысып, вирустар белсенді бола түсті. Ал ағзам бұл өзгерісті қабылдай алмады. Ақырында, дене қызуым қатты көтеріліп, өзімді әлсіз сезініп жатырмын.
Соның кесірінен, ешқандай жұмысымды істей алмаймын. Бірақ шахтерлер қаласына міндетті түрде 21-қазанда келемін! Кешірім өтінемін, түсіністік танытады деп, үміттенемін. Сіздермен кездесуді асыға күтемін», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.