Ғалымдар адамдардың жиі инфрактқа ұшырау себебін анықтап шықты. Оған денсаулықтағы кілтипанның да, экологияның да қатысы болмай шықты.
Ғалымдардың бұл зерттеуі Йоханнесбургте өткен Оңтүстік африкалық кардиология қауымдастығының жыл сайынғы конгресінде жария етілді.
Сөйтсе бәріне кінәлі жоқшылық пен қаржылық қиындықтар болып шықты. Осы екеуі адамды инфарктқа ұшырау қаупін 13 есе арттырады деп хабарлады Eurekalert порталы. Демек, жағдайы жоқ адамдардың жүрек талмасына ұшырауы қалыпты жағдай.
Жүрек талмасына шалдыққан 106 науқастан сұраққа жауаптар алынған. Олардың басым бөлігі ауруға шалдықпай тұрғанда жұмысқа және қаржылық қиындыққа байланысты қатты мазасызданғандарын айтқан. Содан соң құлаған.
Ғалымдар аурумен күрестен бұрын, оның себеп-салдарымен – әлеуметтік мәселемен күресу керек дегенді жиында күнтәртібі мәселесі ретінде көтерді.