Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Экология министрі Астанадағы су тапшылығы қалай шешілетінін айтты

102

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, «Астана су қоймасын толықтыру үшін құрылыстар салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Жоба Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына дейін өткізу саласын тазартып, қалпына келтіріп, одан Астана су арнасы сорғы станциясына дейін тіреуіш қоршау мен су құбырын салып, арнаға су беруді қамтиды. Құрылыс 2023-2025 жылдары аяқталады деп болжануда. Бұл жоба су аз жылдары Қаныш Сәтбаев арнасынан Астана су қоймасына шамамен 62,3 млн текше метр қосымша су беруге ықпал етеді», – деді Экология министрі.

Екінші жоба – Астана қаласын сумен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде 67 км су құбырын салу арқылы Нұра жерасты сулары кен орнын пайдалану. Ол бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзету қажет. Мерзімнің өтуіне байланысты кейін ЖСҚ әзірлеп, бұл жұмысты Астана қаласының әкімдігі жүргізетін болады. Сараптаманың оң қорытындысы ұсынылған жағдайда, министрлік жобаны одан әрі іске асырады.

«Үшіншіден, Қ. Сәтбаев арнасынан Астана қаласының ҰФС-4-ке дейін су құбырын салу қажет. Бұл жоба елорданы одан әрі ұзақ мерзімді даму перспективасы мен халық санының ұлғаюын ескере отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, елорданы сумен қамтамасыз етуге қажет шаралардың қысқа мерзімді кешені резервтік жерасты көзін жүргізуді, Қ. Сәтбаев арнасынан су құбырын салуды қамтиды», – деді З. Сүлейменова.

Сонымен қатар, биыл су мөлшерінің аздығы мен одан кейінгі су тапшылығын ескере отырып, Қ. Сәтбаев арнасынан Есіл өзені бойынша шамамен 60 млн текше метр, Нұра өзені бойынша шамамен 95 млн текше метр қосымша су беру туралы бірлескен шешім қабылданды.

Оған қоса, Астана су қоймасының түбін шамамен 47 млн текше метр көлемінде түптік шөгінділерден тазарту қажет. Қазіргі уақытта Астана су қоймасын толтыру жобалық 410 млн текше метрден 334 млн текше метрді құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз