Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Екі жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды

2016 жылдан бастап іздеуде жүрген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан интерполымен бірлесіп, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан Хагай Изгияевті экстрадициялады. Оны 1,5 миллион АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасады деген  күдік бойынша Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бастап іздестірген.

«Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз