Мақпал Жүнісова Павлодарда әуежай қызметкерлерінің өзін қалай ит қылғанын айтты.
“…Тамағым бітіп қалған. 20-25 ән айтқан шығармын түнде. Өйткені менен басқа әнші шақырмаған. Оның үстіне Павлодардағы қонақүйдің бөлмесі суық екен. Мені шығарып салатындар аэропортқа кешіктіріп алып келді.
Қасымдағы әйел айтты: „Төлқұжатыңызды күйеуіме бере салыңыз, ана жаққа көрсете салады, өзіңіз, жүріңіз, ұшаққа отыра бересіз„ – деді. Ұшаққа отырғаным сол еді, ана жақта ұрыс басталып кетіпті.
„Біз 40 минут қалғанда жауып тастаймыз, ал Сіздер 20 минут қалғанда келдіңіздер ұшақтың ұшуына. Болды. Ана кісі ұшпайды. Түссің самолеттен„ депті әлгілер.
https://kaz.365info.kz/berip-khoyamyn-makhpal-zhynisova-ashygyn-ajtty-video-319266
Сөйтіп екі жігіт келіп мені жұлқылап, ұшақтан түсіріп алды. „Сіз кешігіп келдіңіз. Халық әртісі болмақ түгілі кім болсаңыз да түсіңіз„ деді. Жаман қорландым, қатты ашуландым. Содан булығып, тамағым одан сайын отырып қалды. Жылағым келіп тұншықтым.
„Әй, қарақтарым, бұларың не„ деп сыбырлап айтып тұрғам ғой. Бір уақытта қарасам чемоданымды түсіріп тастапты. Соны көрдім де боқтап жібердім. 2-кластың баласы да боқтайды ғой. Қалай боқтамаймын, жыным қозып кетсе өзі. Сондай жаман сөз айтып қойдым, оған кінәлімін енді.
https://kaz.365info.kz/esin-dyrys-pa-nyrbolatty-korgen-makhpal-zhynisova-shoshyp-ketti-video-318999
Бірақ ол видеоны Ютубқа жүктегенде: „Ішіп алған, мас екен„ деп мүлде басқа мағынада салып қойған біреу. Масқара ғой енді бұл. Мен ақталып отырғаным жоқ. Жалпы, сондай нәрсені салудың қажеті қанша? Осыны айтқым келеді.
Енді біреулер айтады: „Машина алып беріңіз, пәленбай мың доллар беріңіз, ол видеоны түбімен құртып береміз„ – дейді. Содан мен айттым: „Әй, сол видеоны жастықтың астына қойып, жастанып жатыңдар, көк тиын да жоқ. Сендерге берген ақшаны жетім-жесірге, шұғыл отаны қажет ететін адамдарға бермеймін ба одан да„ – дедім.