Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Екі сантехник итке таланған аққуды құтқарып қалды (видео)

Ерлан мен Бауыржан Талдыкөлде итке таланып жатқан аққуды көрген бойда жұмыстарын тастап көмекке тұра ұмтылған. Мұз үстінде жыртқыштың ажалынан аман қалса да киелі құстың қанаттары сыныпты. Үйірінен адасып, жылы жаққа ұша алмаған құсты кәріз қалдықтары төгілетін «Астана су арнасының» сантехниктері цехтың біріне қамап қойған екен. Ветеринарлық клиникалар мен орнитологтарға хабарласқанымен ешбірінен көмек болмаған. Наннан басқа беретін тағамдары да жоқ.

Ерлан Әбдірахманов:

-Тамақ салып қойғанбыз. Жарты бөлке нан езіп. Міне, жеп жатыр. Аққудың сыңары болады ғой. Жалғыз өзі. Жас аққу ғой бұл.

Жұмысшылар жаралы құсқа «Құралай» деп ат қойып үлгерген. Барлығы Құралайды айналшықтап шықпай жүр. Бірақ сыңарынан айырылған  жалғыз аққу құтқарылғанымен оны апаратын Астанада бірде-бір орын болмай шықты. Тек  Елордадан әзер дегенде бір жанашыр табылып, аққуды алып кетті.

«Бақ» деген аты болмаса бұл кәдімгі үй. Негізінен бұнда ит-мысық, қояндар ғана тұрады. Енді аққуға солармен бірге мекендеуге тура келеді. Әзірге «Құралайға» бөлек орын дайындалғанша, осы бөлмені паналай тұрмақ.

Халқымыз киелі санайтын құс төресі енді көктемге дейін осында болады. Жарақаты жазылып  күн жылынған соң өз үйіріне жіберілмек. Ал жағдайын жасап асыраймын деушілерге аққуды бағуға беруге дайын. Бір қызығы, небір атақты  құрылыстарымен танымал Астанада  мемлекеттік бақ жоқ. Сондықтан жыл сайын үйірінен адасқан қанаттыларға пана табу оңай емес.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз