Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Екі авиациялық кәсіпорындарының басшылары парақор деп танылды

Сотталушылар —  “Қазавиақұтқару” АҚ бас директоры Мәлік Досымбеков пен ” Қазавиаорманқорғау” РМҚК басшысы Төлеуғазы Сексенбаев.

Сот Төлеуғазы Сексенбаевты үш жылға соттап, мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салды. Мәлік Досымбековке сот 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарып, ол да мемлекеттік қызметке өмір бойына тұра алмайтын болды.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматыда 13 шілдеде шетелдік компания басшысынан 50 мың доллар пара алып жатқан жерінде бас директорларды ұстаған болатын.

Параның жалпы сомасы 100 мың доллар екен.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз