Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Екі ай бұрын қайтыс болды деген атыраулық үйіне оралды -оқиғаға қатысты комиссия құрылды

256

Бұл туралы ҚазАқпарат Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комссия тиісті тексеріс жүргізіп, нәтижесі бойынша қосымша ақпарат береді.

«Қазіргі уақытта Атырау қ. Прокуратурасы ҚР ҚПК 183 б., 1 б. (БАҚ-та жарияланған ақпарат, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады) сілтеме жасай отыра, материалды сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркеді. 4 қарашада СЖҚҰБ қызметкерлері сот-медициналық сарапшысының қатысуымен мәйіттің эксгумациясын жүргізді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қодда бар ақпарат бойынша, нағыз туыстығының ықтималдық шамасы 99,92% нәтижесін көрсеткен генетикалық тексеріске, Супуғалиевтің жақын туыстарынан сілекейлері мен қандарының үлгілері алынған.

Айта кету керек, сарапшы есептеуді қайталамаған және тұжырым ықтимал нысанында берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Томарлы ауылындағы 2 ай бұрын жерленген Айғали Супуғалиевтің үйіне оралғаны туралы бірнеше БАҚ мақала жариялаған еді. Дұрыс емес дәлелдері үшін, Айғалидың туыстары молекулярлық-генетикалық сараптаманы жүргізген сарапшыны жауапкершілікке тартатындарын xабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз