Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Егде жаста өмірді ұзартудың әдісі қандай?

Сарапшылардың пайымынша, жерорта теңіздік диета мен DASH (Dietary approaches to stop hypertension) тәсілі басқаларға қарағанда анағұрлым тиімді тамақтану режимі.

Ғалымдар 12 жыл бойы (1986-1998 жылдар) егде жастағы 74 мыңға жуық адамның тамақтану режимін бақылаған. Кейін дәл осы топтағы адамдарда кейінгі 12 жылда (1998-2010 жылдар) мегзілсіз өлім қатерімен байланысты факторлардың туындауына талдау жасаған.

Сараптама көрсеткендей, бастапқы 12 жыл диета сапасын жақсартқандарда кейінгі 12 жыл өлім қатері едәуір төмендеген. Күнделікті жейтін бір порция етті жаңғақ немесе бұршақ тұқымдастарға алмастыру өлім-жітім қатерін 8-17 пайызға азайтып отырған.

Жерорта теңіздік диетада көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық ), тазартылмаған зәйтүн майы мен балық өнімдері қарастырылған. Бұл диета кезінде ас мәзірінен майлы тағамдар, атап айтсақ, сүт өнімдері, құс еті, ет толығымен шығарылады. Бұған қоса, жерорта теңіздік диетаны ұстағандарға аз-аздап шарап ішуге де рұқсат етіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз