Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартуға ниетті

332
Сурет: thechive.com

Есеп айырысулар ұлттық валюталарда жүзеге асырылуы тиіс, деп «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ұштасуы» форумының сарапшыларына сілтеме жасай отырып  «Ведомости»  басылымы хабарлады.

– Мәселе АҚШ пен ЕО-дан саяси тұрғыдан бөліну емес, – деп мәлімдеді ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев. –Халықаралық нарықтағы валюта-қаржы қатынастарының қазіргі жағдайы көптеген елдің мүддесіне сәйкес келмейді».

Оның айтуынша, қазір халықаралық қаржы нарығында ЕАЭО елдерінің экономикасына теріс әсер ететін валюта бағамдарына айла-шарғы жасау белгілері байқалуда. Түрлі нарықтағы бір-біріне сәйкес келмейтін ақша-экономикалық алмасу қосымша проблемалар тудырады, бұл түрлі нарықтағы ақша бағасының әртүрлілігіне және капитал мен баға ағындарына қатысты.

– Өзіміз анықтамайтын бағамен сауда жасау біздің компанияларымызға айтарлықтай шығын әкеледі, – деді Глазьев. – Сондай-ақ біздің экономикамыздың оффшорлаудан да біршама шығын келеді.

Қытай Халық университетінің Макроэкономикалық зерттеулер департаментінің директоры Лю Ю Шудың пікірінше, сандық ұлттық валютада есеп айырысу –транзакцияларды үнемдеуге және түрлі тәуекелдерді жоюға мүмкіндік беретін ең перспективалы әдіс. Алайда, әзірге бұл тақырып нақты экономикалық міндеттерге байланыссыз талқыланады.

— Бәріміз бірге жиналып, ұлттық цифрлық валюталарда есеп айырысуға көшу арқылы қандай саяси және экономикалық міндеттерді шешетінімізді түсінуіміз керек, мұндай ауысуды бағалау үшін бірлескен комитет құрып, есеп айырысулар жүргізілетін цифрлық валютаны құру бойынша сауда серіктестері – елдердің орталық банктері арасында үйлестіруді жолға қою керек, – деп атап өтті Лю Юй Шу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз