Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

ЕАЭО-дан шығу — аяққа оқ атумен тең — Своик

513

Әсіресе, әлеуметтік желілерде “ЕАЭО-дан шығу” идеясы қайта жанданды. Сондай-ақ ойға қонымды “рецепттер” де пайда бола бастады, мысалы, “келісімдердің бүкіл жүйесін қатырып қою” және соғыс аяқталғаннан кейін ұйымның болашағын талқылауға оралу.

Экономист Петр Своик мұндай ұсыныстарды іс жүзінде өз-өзіңе қол жұмсау деп есептейді. Бұдан Қазақстан тек зиян шегеді.

Ресейдің бәсекелестікті тоқтатудың мың тәсілі бар

— Петр Владимирович, мұндай идеяларды қалай бағалайсыз? Ұсыныстың жалпы мәні бар ма?

— Алдымен, сол кәсіпкер “қатырып қойғысы келетін” экономикалық байланыстарды атап өтейік. Экспорт біз үшін бәрінен де маңызды, өйткені Қазақстанның бүкіл экономикасы экспортқа сүйенеді. Нақты сандар есімде жоқ, бірақ экспорттың шамамен тоғыз пайызы Ресей нарығына өтеді, ал 70%-дан астамы Еуропаға Ресей аумағы арқылы транзитпен жіберіледі.

Жалпы, біздің экспортымыздың төрттен үш бөлігі Ресейге байланған

Тағы бар маңызды тұс — импорт. Біздегі жалпы импорттың шамамен 45%-ы Ресейден келеді.

Оған қоса, тағы 30%-ы Ресей аумағы арқылы импортталады.

Импорттың жалпы көлемінің төрттен үш бөлігі Ресей Федерациясына байланған

Егер экспортымыздың құрылымына қарасақ, төрттен үші мұнай. Екінші орында — қара және түсті металдар, үшінші орында — химиялық өнімдер (тыңайтқыштар). Төртіншісі — астық. Мұның бәрі Ресей арқылы Еуропаға барады.

Ресейлік экспортпен салыстырайық — бұл мұнай, газ, металдар, тыңайтқыштар және астық. Яғни, біздің Ресей арқылы өтетін экспортымыз Ресейдің Еуропаға шығаратын экспортына толығымен ұқсас.

Осы екі экспорттық ағын нені білдіреді? Яғни, біз Ресеймен ерекше қарым-қатынастамыз, өйткені ол бізді өз құбырларынан өткізеді, серіктестік бар және т.б. Бірақ іс жүзінде бұл жерде тікелей бәсекелестік бар, ол Қазақстан үшін Ресей саясатына сай келген жағдайда ғана пайдалы болуы мүмкін,

ол тіпті өз ойындарын ойнағысы келсе де, ешбір жағдайда ресейлік саясатқа қарсы болмауы керек

Әйтпесе, Ресей Федерациясы мұндай бәсекелестікті тоқтата салады, оның мұны заңды жолмен жасаудың мың бір әдісі бар.

Жағдай “көп қабатты абсурд” болып шықты

— Енді идея авторларынан ұсынысты нақтылауын сұрағым келеді, табысымыздың қай баптарынан бас тартуды, қатыруды ұсынып отыр?

Жауап болатынына сенбеймін, себебі мұндай ұсыныстарды, көбіне нақты жағдайды білмейтіндер жасайды. Бәлкім өз сегментін жете түсінетін кәсіпкер шығар, бірақ тұтастай алғанда жағдайды жете түсінбейді.

— Дәлел ретінде олар ресейліктердің бірқатар тауарларды экспорттауға тыйым салғанын айтады. Біз бұл тауарларды енді ала алмаймыз дейді.

— Ресей шынымен де соғыс аясында өз тауарларын экспорттауға тыйым салды. Бұл одақтастарға да қатысты, өйткені бұл жағдайда Қазақстан одақтас болса да, оған санкциялар қолданылмайды.

Мұндағы жағдай көп қабатты-абсурд, өйткені жалпы экономикалық кеңістіктің бір бөлігін (тіпті көп бөлігін) санкциялармен жабу және басқа бөлігін санкциясыз қалдыру заңды және экономикалық тұрғыдан алғанда абсурд. Саяси тұрғыдан түсінікті қадам болса да. Бірақ бұл тұрғыдан

егер Қазақстан осы ұсынылған рецепттерді ұстануды бастаса, ол өте қатты зардап шегеді және нәтижесінде ештеңе ұтпайды

— Бұл идея техникалық тұрғыдан қаншалықты жүзеге асады? Бұл тұрғыда қандай да бір процедуралар бар ма?

— Өзіңе зиян келтірудің мыңдаған тәсілі бар. Мысалы, өз аяғыңа оқ ату. Егер біз таза техникалық процедуралар туралы айтатын болсақ, онда менің ойымша, келісімшарт бойынша серіктес шығатыны туралы ескертуі керек және ол бір жылдан кейін шығу құқығын алады. Сондай-ақ бәрін бірден тоқтатуға болады — бұдан зиян қандай болатынын елестете беріңіз.

— Мұндай қадамның таза экономикалық салдары қандай болуы мүмкін? Егер біз осы қадамға барамыз деп елестетсек.

— Егер өзіміз экспорт пен импорттың төрттен үшіне кедергі келтірсек, оның салдары қандай болуы мүмкін? Ең ауыр салдары — бірден кіріс пен тауар сатып алу мүмкіндігін жоғалтамыз. Қалғаны — көршіміз “не істесең оны істе” деп ренжіп қалуы мүмкін. Ондайда салдары жұмсақ не қатал болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз