Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған #Abai175 флешмобына қатысып, өз үлесін қосты.
“Мен Қазақстан президенті бастаған поэтикалық челленджді досым Ерлан Қариннен қабылдаймын”, – деді Джеки Чан.
Актер Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” әнін өлең түрінде оқып берді.