Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Джек Ма Астанада баяндама жасайды

3704b4e36a36e2982f31

Мәселен, атақты спикерлер қатарында – AliBaba Group интернет-коммерция саласындағы қытай компаниясын құрушы Джек Ма бар. Джек Ма Қытай миллиардері (Forbes нұсқасы бойынша жаһандық миллиардерлер қатарына кіреді, Financinal Times нұсқасы бойынша 2013 жылғы Жыл адамы) АЭФ-ке қатысу үшін Қазақстанға алғаш рет келеді. Форумда Ма онлайн-сауданың келешегі туралы баяндама жасайды.

Сонымен қатар, АЭФ-2016 спикерлерінің қатарында Колумбия Университеті Жер институтының директоры, профессор Джеффри Сакс бар. БҰҰ Бас хатшысының орнықты даму жөніндегі кеңесшісі Дж. Саксты Американың «Тайм» журналы екі мәрте 100 ең үздік әлемдік көшбасшылар қатарына қосса, «The Economist» журналының пікірі бойынша ол соңғы онжылдықтағы ең беделді экономистер үштігіне кіреді.

АЭФ аясында Джефри Сакс бірнеше панельдік сессияларында спикер ретінде баяндама жасайды, «Жылдам дамитын рыноктар артуын қайта жүктеу» панельдерінің бірінде ол басқа сарапшылармен бірлесіп экономика дамуының баяулау процестеріне сипаттама беріп, жылдам дамыған нарықтарда валюталар құнсыздануы мәселелерін, сондай-ақ экономикалық дамудың жаңа үлгілері мен құрылымдық реформаларын талқылайды.

Форум жұмысына АҚШ бұрынғы президенті Рональд Рейганның экономика мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дарон Аджемоглу мен Ұлыбритания Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің кеңесшісі Артур Лаффер, сондай-ақ «Валюталық соғыстар» бестселлерінің авторы Сун Хунбин қатысады.

«АЭФ-2016 осындай белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың қатысуы  Форумға қызығушылық артып отырғанының көрсеткіші ғана емес, бұл өзара ынтымақтастыққа дайындықтың дәлелі», делінген баспасөз баянында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз