Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дүйсенбіде елімізде ауа райы жауын-шашынды болады

Ақмола облысында түнде көктайғақ, боран болып, түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады.

Алматы облысында түнде кей жерлерге тұман түседі, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде кей жерлерге тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таң ата тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, түнде және таң ата тұман түсіп, көктайғақ, боран болады.

Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде боран болып, таң ата желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде тіпті 23-18 метр болуы ықтимал. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады екпіні 23 метр.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ, түнде және таң ата кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз