Дүйсенбі күні ел аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі , – деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
13 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз өтеді.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ болады.