Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
20
USD
440
-0.03
EUR
474
+0.23
RUB
4.76
-0.06

Досының үйлену тойында көз жұмды: Алматы облысында болған адамшошырлық оқиғаның мән-жайы

127

Әкесі Оспандиярдың айтуынша, сол күні кешке баласы Талғар ауданындағы Көлсай мейрамханасына досының тойына кетеді. Бірақ түн ауа сағат екі жарымдар шамасында, той иесі Сұңғаттың ауруханаға түскендігін, хабарлапты.

“Ресторанның алдында өлген. Бізге “өлі денесін алып келді” деді.  Бұл групповой. Ешқайсысын ұстап отырған жоқ. Бір баланы ғана алып қалды. Бұл жерде ешқандай әділдік жоқ. Менің сұрарым, әділдік!”, – дейді Сұңғаттың әкесі Оспандияр Бегдалиев.

Әкесінің айтуынша, баласын 9 бұзақы топ болып тепкіге алған. Шамбайына батып отырғаны – барлығының қамауға алынбағаны. Өйткені күдікті деп тоғызы емес, тек екеуі ғана қамалған. Оның бірін көп ұзамай босатып жіберген дейді. Оспандияр Бегдалиев Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі іске енжарлық танытқандықтан, амалсыз облысқа шағымдандым деп отыр. Қорғаушы 2 қарашадан бері бұл іске үңіліп, талай шикілікті тапқанын айтады.

“Дер кезінде айғақтарды жинамай, куәларды анықтамай, сот медицина сараптауының тағайындауы бойынша қаулымен жәбірленуші тарапты таныстырмай және айыпталушылардың киімін уақытылы, дер кезінде алмаған. 99-бап, кісі өлімі орын алғандықтан, сол баппен қозғауын талап етіп отырмыз. Бірақ талабым әлі күнге дейін қанағаттандырусыз”, – дейді  Бегдалиевтер әулетінің адвокаты Камшат Шинтекова.

Ал Алматы облысы Ішкі істер департаментінің өкілі жігіттің өліміне екі күдіктінің қатысы бар дейді.

“Аталған іске байланысты екі күдікті ұсталды. 1994 жылы туылған олардың біріне Қылмыстық кодекстің 106 бабы бойынша іс қозғалса, екіншісіне «бұзақылық» фактісімен айып тағылды. Қазіргі таңда күдіктінің бірі үй қамаққа шығарылды. Екінші азамат уақытша қамауда. Қазіргі таңда іс облыстық тергеу басқармасына жіберілді”, – дейді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

23 жастағы Сұңғаттың артында сегіз айлық қызы мен жары қалған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы кінәлілер жазаланбайынша, көңіліміз көншімейді деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз