Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі Хамит Санбаев өмірден өтті.
«Жаны жайсаң жан, ансамблдің негізін қалаушылардың бірі Хамит Санбаев өмірден өтті. Орны толмас қайғы!
Бұндай кең жүректі адамдар туралы «Әлі де берері көп еді! Атында қалдырған мұрасы ұшан теңіз!» деп айтады. Біз Хамитті мәңгілік есімізде сақтаймыз және ол үшін дұғада боламыз.
Иманды болсын!» — деп жазды өзінің әлеуметтік желісінде.
Қазақстанда енгізілген карантин режиміне байланысты жерлеу рәсіміне тек жақындары ғана қатыса алады.
365info редакциясы Хамит Санбаевтың отбасына, достарына, әріптестері мен «Дос Мұқасан» тобының жанкүйерлеріне көңіл айтады