Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Дос Көшім: “Жерді жалға бергеннен не ұтамыз?”

«Менiң ойымша, бiр аралық шешiм шықты және оны Парламентке беру керек сияқты. Ол – жердi жалға берудi қайта ашуымыз керек. Өйткенi, қазiр жердi жалға беру тоқтатылды ғой.

Осы жерде сөйлеген азаматтардың бәрiнiң бiр нүктеден қосылған жерi – жердi 49 жылға жалға берудi әрi қарай жалғастыру қажет. Ешкім осыған қарсы болған жоқ, қайта бәрінің айтатыны осы. Осыны бiздiң аралық шешiм ретiнде Парламентке беруге болады», – дедi Дос Көшiм.

Бұдан бөлек, комиссия мүшесiнiң айтуынша, инвестиция мен жердi шетелдiктерге жалға беру мәселесiн шатастырмаған жөн.

«Менiң америкалық бiр жолдасым «1 млн доллар инвестиция берсем, бес жылдан кейiн жыл сайын маған 100 мың доллар қайтарып тұра ма?» деп сұрайды. Ол инвестиция салып, содан пайда табамын дейдi. Ал бiздiң қазiр айтып жатқанымыз – жердi шетелдiктерге жалға бермеу мәселесi. Бәрiн анықтап алайық.

Инвестиция салу мен жалға берудің басын ашып алу қажет

– дедi ол.

Дос Көшімнің осы ұсынысын, Комиссиядағы тағы бір жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан да қолдады. Ол да жерді қазақстандықтарға 49 жылға жалға беруді қолдайды және оны Парламентке ұсыныс ретінде енгізуге болады деп есептейді. Тек жері тым көп, латифундитерге қатысты өз пікірін айтты.

«Жері 100 мың гектардан асып жатқан латифундистерге шара қолдану керек. Ол қандай? Мысалы, жерді жалға бергенде немесе сатқанда белгілі бір шектеу болуы керек. Егер сол шектеуден 2 есе көп жер алса, салықты да 2 есеге көбейту керек, үш есе көп пе, онда салықты да үш есеге көтеру керек.

Міне, сонда біз латифундистерді де бақылап ұстай алатын едік», – деді М.Тайжан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз