Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Дөп тиіп тұр ғой…”. Петропавлда курсантты өлтіріп кетті

Институт басшысы Серікхан Әбселемовтің айтуынша, курсантты университет аумағында түстен кейін оқудан тыс уақытта өлтіріп кеткен, ол пышақ жарақатынан 18 минут ішінде көз жұмған.

“Кеше түстен кейін оқудан тыс уақытта ІІІ-курстың екі курсанты арасында жанжал туындаған. Салдарынан пышақ жарақатын алған курсант – Тұрсын қаза тапты. Екі жедел жәрдем бригадасы мен біздің медициналық пункт оның өмірі үшін күресті, алайда курсант 18 минут ішінде көз жұмды”, — деді Әбселемов.

ЖОО жетекшісінің айтуынша, кеуде тұсынан бір рет пышақ жарақатын алған, қазір медициналық сараптама жүргізілуде.
Жанжалға қатысушылар бір оқу тобының курсанттары екен, олардың болашақ мамандығы – “Командалық-тактикалық және тәрбие жұмысы” әскерилері. Лейтенант атағын алуға бір жарым жыл қалыпты.

“Төбелес институт аумағында жазғы дәретхана жанында болған. Әлбетте, екі курсантты да жеке танимын, үлгілі сарбаздар. Кез келген үлкен ұжымда әртүрлі жайттар болып жатады, бірақ екеуінің арасындағы айтарлықтай жанжалды оқу барысында байқамаппын, ондай болған емес”, — деп атап өтті институт басшысы.

Оның айтуынша, күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол өзі спортшы екен. Тергеуге байланысты, оның аты-жөні және әскерге қай жерден шақырылғаны айтылған жоқ.

“Оқиғаның анық-қанығын тергеу тобы анықтауда. Сонымен бірге курсант пышақты қайдан алынғандығы да анықталатын болады. Тергеу шарасы аяқталған соң, тиісті амалдар қолданылмақ”, — деп түсіндірді Әбселемов.

Марқұмның әкесі мен ағасы бүгін Петропавлға келеді екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз