Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Долларыңыз болса, тиіспеңіз!”. Ұлттық банк өз артын өзі ашып берді – сарапшы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы ақшасын инвестициялап, көбейтумен Ұлттық банк айналысады. Белгілі болғандай, шілде айында қор номинальды бағаға 314 млрд теңгеге АҚШ-тың қысқа мерзімді қазыналық құнды қағазын сатып алған. Бұл қағаздың орташа табыстылық деңгейі жоғары деп айта алмаймыз. Жылына – небәрі 1,0%.

Шілде айында зейнетақы ақшасына 321,4 млрд теңгенің шетелдің мемлекеттік құнды қағаздарына салынған, ал қазақстандық құнды қағазға шілде айында инвестицияланғаны – 84,1 млрд теңге. Айырма бар ма? Бар. Еселеп артық. Демек, Ұлттық банк табыстылық дегенде теңгені емес, долларды тартымды көріп отыр.

Шетелдік құнды қағазға инвестиция жасау нәтижесінде БЖЗҚ-ның инвестициялық қоржынының жалпы көлемі 1,8 есеге көбейіп, 747,6 млрд теңгені құрады, ондағы үлес 10,3% артты.

Сонда доллардың арылу саясаты қайда қалды? Бұл Ұлттық банктің ұрандап айтатын жұмысының бірі емес пе еді?.. Шындығында ол әдірем қалғанға ұқсайды.

Өйткені Асқар Төлегенов соңғы кездері зейнетақы ақшалары отандық емес, шетелдік банктерде сақтау құбылысы белең алғанын ерекше атап өтеді.

Осы айдың өзінде шетелдік банктерден 274,1 млрд теңге немесе 840 млн долларды құрайтын 5 салым шоты ашылды. Бәрі де доллар түрінде.

Атап айтсақ, жапондық Mizuho Corporate Bank-тің Лондондағы бөлімшесінен, Credit Agricole банктің Ганконгтағы бөлімшесінен, ING Bank-тің Голландиядағы бөлімшесінен.

Енді отандық банктерде сақталған БЖЗҚ-ға тиесілі зейнетақы активтері азайды, дегенмен шетелдікке қарағанда мұндағы орташа табыстылық көлемі жоғары. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 10,7%. Әрине, Ұлттық банкке қоятын бұл арада заңды сауал туындайды. Неге өйтіп жатыр?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз