Мереке күндері күш алған доллар қайтадан сабасына түсті.
Айта кетелік, қор биржасының 2017 жылдың соңғы күнінде 1 АҚШ долларының белгіленген ресми бағамы 332 теңге болатын. Алайда төрт күндік демалыс кезінде ақша айырбас орындары бұл бағамды ұмытып, доллар тиындап қымбаттай бастады. Жаңа жылда 1 АҚШ доллары 336 теңгеден сатылды.
Ал демалыстан кейінгі бүгінгі жұмыс күнінде Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында бекітілген 1 АҚШ долларының орташа бағамы 333,29 теңге болды. Ақша айырбас орындарында да доллар аптығын басқан. Қазір ол Алматыдағы ақша айырбас орындарында 333-334 теңгеден саудалануда.