Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Доллар қатты қымбаттайды!?”. Ел неге шулап жатыр?..

321

“Табысы мұнайға байланған елдер үшін жығылғанға жұдырық болайын деп тұр”, деп жазды Әзірбайжанның қаржыгер-маманы Фикрет Мамедов Faceboоk-тегі жеке парақшасында.

– Мұнайдың бағасы қазір 47 доллар болды, ол әлі 43 долларға дейін құлауы мүмкін. Оған қоса, АҚШ-тың Федеральды резерв жүйесі доллардың пайыздық ставкасын көтерді. Демек, доллар міндетті түрде қымбаттайды.

Не болмаса, бұл жәйт Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Түркмения және Қазақстан секілді елдердің ақша қорына ашқарақтана „ауыз„ салады. Иә, ұлттық валютасын құнсыздандырғысы келмеген елдерге ақшаны бұрқыратып шашу керек болады, – делінген шетелдік маманның жазбасында.

Сондай-ақ шетелдік маман мұнай бағасы 43 долларға құлап, сол арада тұрып қалатынына да күмәнмен қарайды.

„Мүмкін, тым пессимситік болжам болар, бірақ мұнайдың бір баррелінің құны 20 долларға дейін төмендеуі мүмкін„

– дейді тақырыпты талқылаған қаржыгер-маман.

Халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы да доллар қымбаттайды деген болжамды растайды.

– Мұнай бағасы мен АҚШ-тың федеральды резерв жүйесіі көтерген пайыздық мөлшерлеме міндетті түрде бізге әсер етеді. Әсіресе, экономикасы мұнай табысына байланған елдерге. Оған қоса, біздегі көптеген шетелдік жобалар, сыртқы инвесторлармен жасаған келісімшарттардың барлығы доллар түрінде ғой. Сондықтан мұнай бағамы мен доллар қалай аунаса, біздікі де солай болады.

Мұнай қатты арзандаса, онда доллар қатты қымбаттайды

Алғатбек Қыдырбекұлы

Әрине, Қазақстан долларға тәуелділіктен арылу үшін бірқатар іс-әрекет жасап көрді. Мысалы, Еуразиялық елдер, экономикалық әріптес елдер арасындағы своп операциялар бойынша ұлттық валюта түрінде есеп-айырыса бастадық. Бірақ одан да түк пайда болмады. Өйткені, бізге келетін табыс доллар түрінде ғой. Мысалы, мұнайды, темір-терсегімізді сатамыз. Ол жерде доллармен есеп-айырысамыз. Сөйтіп, ол долларды не теңгеге, не рубльге, не юанға айырбастаймыз. Сондықтан дүниежүзілік валюта ықпалынан біздің құтылуымыз екіталай, – дейді қазақстандық маман.

https://kaz.365info.kz/uade-berip-khojypty-300-tengege-dejin-khylajdy-biyl-dollar-khymbattamajdy-sarapshy-259163

Маман

бір АҚШ доллары 350 теңгеден сатыла ма, әлде ол 400 теңге бола ма, оны дөп басып айту қиын, – дейді.

Өйткені бұл процеске Ұлттық банк міндетті түрде араласатын болады.

– Біріншіден, қанша мұнай сатамыз, оның көлемі қандай болады? Екіншіден, валюталық нарықта долларға деген сұраныстың көлемі қандай? Осы сауалдардың жауабы негізінде Ұлттық банк өзіндік реттеу жасайды, – дейді ол.

Демек,

Фикрет Мамедов айтып отырғандай, ұлттық валютаны қолдан қолдау үшін бюджеттен көп ақша шашуымызға тура келеді.

Геосаясат деген бәле болды…

Саясаттанушы Кеңес Сманов 1 АҚШ доллары 350 теңге болып қалады деп, болжайды. Оның пікірінше, бұған геосаясаттағы жағдайлар әсер етіп жатыр.

– Бұл арада екі таңдау бар. Доллар қатты қымбаттайды немесе оны қолдан қатты өсірмей, тұра тұру керек болады. Қазір Қазақстан бюджет тапшылығына ұрынып отыр. Оған қоса, инвестицияны көп қажет еткен ЕХРО көрмесін өткізіп жатқан жайымыз бар. Сырттан да қарыз алып жатырмыз. Сондықтан Ұлттық банк бұл арада „көп ойнай„ алмайды. Меніңше, АҚШ доллары бағасын 350 теңгеден асырмауға тырысады, соған ғана шамасы жететін секілді, – дейді саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/dajyn-bolynyzdar-devalvatsiyanyn-auyly-alys-emes-eken-258622

 

Ал себебін саясаттанушы геосаясаттан көреді.

„Катардағы жағдай АҚШ-тың мұнайлы елдерді әлі сабасына түсіргісі келетін амбициясын байқатып отыр. АҚШ-тың тырнағына ілінген Катар, Иран, Ресейді алып қарасаңыз, бұлар мұнай экспорттаушы елдер. Демек, бұл елдерді әлсірету үшін мұнай бағасын құлату керек. Қазір халықаралық мұнай нарығындағы баға солай болып жатыр да, – дейді Кеңес Сманов.

Айта кетелік, өткен аптада еліміздің ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 310-313 теңге аралығында сатылған болатын.

Қазір бұл баға тиындап, ақырындап көтеріліп келеді. Бүгінгі Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 317 теңгеге бағаланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз