Жылжымайтын мүлік нарығында тыныштық орнады, сатушылардың да, сатып алушылардың да күткеннен басқа амалы жоқ.
—Теңге қазіргідей теріс рекорд көрсетіп, құбылмалы болып жатқан сәтте тыныштық орнайды дейді, — «Expert Estate Service» жылжымайтын мүлік агенттіктері тобының директоры Лариса Гусева. — Адамдар өздеріне ненің пайдалы екені туралы ойлана бастайды. Біздің клиеттерімізді бірнеше категорияға бөліп қарастыруға болады, олардың ішінде сатушылар да, сатып алушылар да бар.
Бірінші категория — пәтердің құнын қымбаттатуға тырысатындар. Олар бағаға бір миллионның көлемінде өзгеріс енгізуге тырысады. Бұл негізінен алғанда 18-ден 25 миллион теңге аралығындағы баға диапазонына қатысты.
Екінші категория — бағаны сақтағанымен, саудаласу талаптарын қайта қарастырды.
Үшінші категория — бағасын да, саудаласу талаптарын да сақтайды. Бірақ бұл жоғары сегменттегі пәтерлер.
Олардың қатарында пәтерін сатудың қажеттілігі туралы ойланып қалғандар да бар.
Біріншіден, меншік иелері бізбен бағасын көтеру туралы ақылдасады. Біз оларға бағаның неден құралатынын және қандай факторлар әсер ететінін түсіндіреміз.
Біз өз клиенттерімізге бағаны айтарлықтай аттырмауға кеңес береміз. Себебі нарықтағы жағдайды көбінесе сұраныс анықтайды
Кез келген бағаны белгілеуге болады, бірақ нарық ондай бағаны бере ала ма?
Сатып алуға дайын болғандар бағасы онша қымбаттамаған үйлерді алуға тырысады.
Сарапшының пікірінше,
қоғамдағы қандай да бір дүрбелең нарыққа және клиенттермен байланыс орнатуға кері әсер етеді. Сондықтан, нақты бағалау жасаған дұрыс.
— Бастапқы сатылым нарығында белгілі бір өсім болады деп күтілуде. 2021жылы іске қосылатын тұрғын үй кешендерінің бағалары да қайта қаралады. Бұл құрылыс материалдарының бағасына байланысты.
Қайталама сатылатын үйлерді адамдар тұрғын үй аумағын кеңейту немесе инвестиция ретінде сатып алады. Екінші нарықтағы шаршы метрдің бағасы да белгілі бір деңгейде қымбаттайды.
Биылғы жылы жаңадан салынған үйлердің бағасы да әзірше айтарлықтай өзгерген жоқ
Мәмілелердің көбі ипотекалық кредиттеу бағдарламалары арқылы жасалуы белгілі бір деңгейде бағаға шектеу болып отыр. Барлық жағдайда да нарықтағы құны нақыт бағаланады. Адамдар өздері қалаған соманы белгілей алмайды, олар нақты бағаға тәуелді. Бағасы қымбат үйлерге сұраныс аз.
Қазақстан риэторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко елдер жаппай доллардан бас тартып жатыр, сондықтан жылжымайтын мүліктің бағасы бірден көтеріліп кетеді деп айтуға болмайды дейді.
— Алайда, халықтың сатып алу қабілетіне соққы болғаны сөзсіз. Менің болжауымша, алдағы бірнеше айдың ішінде
үйін шұғыл арада сатқысы келген үй иелерінің мүліктерінің бағасы арзандайды
Сарапшының пікірінше, теңге бағамының төмендеуіне қарағанда, қазір мемлекетте жарияланған төтенше жағдай барлығын ушықтырып отыр.
— Вирустық инфекцияға қатысты мәселе барлық елдің экономикасына соққы болды
Сарапшы алдағы уақытта доллар бағамы мен коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанға дейін мәмілелер саны төмендейді деген пікірде.
— Сатушылардың да, сатып алушылардың да басым бөлігі біраз уақытқа дейін барлығын бақылап, күтеді.
Барлық болып жатқан оқиғаларды ескерсек, сатып алу қабілеті төмендейді, ал жылжымайтын мүлік бағасы сәл де болса қымбаттайды деп ойлаймын.
— 2017 жылы бірінші девальвация болған кезден бастап
аумағы аса үлкен емес, арзандау үйлерге сұраныс артты
— Көбінесе 27 жастан асқан отбасылы, жұмыс істейтін адамдар түрлі себептермен жылжымайтын мүлік сатып алады. Олардың арасында тұрғын үй аумағын кеңейткісі келетіндер көп.
Басқа да мәлімелер болады. Ата аналары өздерінің ірі жылжымайтын мүліктерін сатып, өздеріне және жастарға жеке пәтерлер алады.
— Ипотеканың мөлшерлемесі көтерілді.
Ипотекаға пәтер алып, оны төлеу жағдайы қиындайды.
Осы себептер бағаның төмендеуіне әсер етеді. Жылжымайтын мүлік нарығы ағымдағы экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Әлемдегі жағдай қарапайым адамдардың қалталарына қалыңдатпайтыны түсінікті.