Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Дизель отыны қымбаттады: баға 108-125 теңге аралығында құбылып тұр

Еліміздің көп өңірінде сұйық отын атымен жоқ немесе олар әліптің артын бағып, оны әдейі саудаға шығармай отыр.

“Дүйсенбіден бастап бүкіл Қазақстан бойынша, барлық жерлерде дизельдік отын тек нарықтық бағамен белгіленетін болады”, – дейді Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

Алайда министрлік алдыңғы өз болжамында сұйық отынның бір литрі 115 теңгеден аспауы керек деп мәлімдеген еді. Соған қарағанда еркіне жіберілген баға бастапқыда құбылмалы болып, ақыры осы баға төңірегіне тұрақтайтын секілді.

Талонмен дизель отынын алатындар үшін 99 теңге деген баға сақталатынын еске сала кетелік. Талондар, көбіне ауылшаруашылығы саласындағыларға таратылып берілген.

Сондай-ақ асыра сілтеп, „бағамен„ ойнаған жанар-жағармай құю бекеттеріне қомақты айыппұл салынатынын да еске сала кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз