Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Диванның артына тығылған”. Шымкенттегі қанды оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Марқұм әйел 53 жаста болса, мерт болған үлкен ұлының жасы 21-де, кішісі бар болғаны 12 жаста. Көршілері мен таныстарының айтуынша,

отбасы қарапайым ғана тіршілік кешкен. Марина зауыттардың бірінде асханада жұмыс істепті. Ал үлкені бейнекамера қоюмен айналысыпты. Сондықтан, қаскөйлер бұларды байлығы үшін қырып салды деу қисынға келмейтін сияқты.

Көршілері жақсы отбасы дегеннен артық ештеңе айта алмады.

https://kaz.365info.kz/zhakhsy-kisiler-edi-shymkentte-bireuler-tagy-bir-otbasyn-khyryp-ketti-301461

“Көрші отбасын түгел өлтіріп кеткенін учаскелік инспектордан естідік. Ол бізден көрген-білгендеріңіз бар ма деп сұрады. Бірақ, ештеңе білмейміз. Қарапайым, берекелі отбасы көрінетін. Қоңсы Маринамен ұлдары да әрдайым амандасып, көңілді жүретін. Не үшін екенін қайдан білейік. Өзіміз де есеңгіреп қалдық”, – дейді олар.

Әзірге болған жәйтті тергеп жатқан құзырлы органдар мардымды ақпарат бермей отыр. Бірақ естуімізше, үш марқұмның басынан жарақат алғаны байқалған.

Кішкентайы тіпті қаскөйден қашып, диванның артына тығылған көрінеді. Оның денесін полиция сол жерден тапқан.

Содан кейін ізін жасырғысы келді ме, әлде басқа себеппен бе, қаскөй үйдегі газ колонкасын ашық қалдырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз