Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Емші бала Ербосын балаларға не үйретіп жүр?

310

https://kaz.365info.kz/emshi-bala-erbosynga-kharalgan-tyrkistandykh-zhigit-ysh-ajdan-son-koz-zhymgan-271354

Емші өзін қаралағандарға «үріп отырғандар» деп күлетінін жасырған жоқ.

«Бес саусақ бірдей емес. Халық болған соң қаралайтындар табылады. XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Әркім өз ойын ашық айта алады. Мен де оларға өз ойымды ашық айта аламын. Менің емімді тілеп келушілерге мен қарсы емеспін, керісінше, көмектескім келеді. Олардан мен ештеңе сұрамаймын. Ал, интернетте отырып алып, неше түрлі пікір жазатындарға айтарым: Олар мені халыққа жаман қылып көрсету, жаман қылып шығырып, қалағандарынша балағаттай берсін. Олар үріп отырып қояды. Маған келетін адамдарды әрқашан емдеп, халықтың батасын алып отырамын. Ал, олардың кімнің батасын алып жатқанында менің жұмысым жоқ», – дейді Ербосын.

https://kaz.365info.kz/men-zhyndy-emespin-emshi-bala-erbosyn-kimge-ashuly-foto-271628

Емші бала Арал қаласындағы орта білім беру жүйесіне көңілі толмай Ақтөбеге көшіп келген болатын. 2016-2017 оқу жылын Ақтөбе қаласындағы мектепте өткізген Ербосын өңірде тұрақтап қалғысы келетінін айтты.

«Ақтөбе қаласында өткізген алғашқы оқу жылым жақсы өтті. Сыныпқа кірген кезде менің Ербосын екенімді ешкім білген жоқ. Мен де айтқан жоқпын.  Сыныпта балағаттайтын балалармен дос болып, жаман сөйлеуге болмайтынын үйрете бастадым. Сынып жетекшім Клара апай мені жарыстардың барлығына қатыстырды. Ақтөбеге келгелі мен өзіме көп достар таптым. Ақтөбеде әрі қарай қалғым келеді. Жақсы оқығым келеді. Оқуды бітірсем, алға қойған арманыма жету үшін талпынамын. Халыққа одан әрі шипалы ем беру үшін медицина саласынан білімімді жетілдіруді қалаймын. Мен халықтан көбірек бата алғым келеді», – дейді емші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз