Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Діни мекемеден тыс жерлерде жиын өткізуге тыйым салынбақшы

Ол бұл тұрғыда биліктің тәжірибесі бар екенін атап өтті. Аталған норма 2011 жылдан бері дамытылып келе жатыр екен.

– Қазір көптеген христиандық, басқа да дін өкілдері әкімдікпен бірлесіп, іс-шаралар өткізеді. Біз тек қойылатын талаптарды күшейткіміз келеді, – деді комитет төрағасы.

Ол жоспарланып отырған талаптардың жобасын ашып айтпады. Алдағы уақытта бұл заң депутаттардың талқысына түсуі мүмкін.

– Біз мұны қалай шектейміз деген мәселені ойлануымыз керек. Бұл тапсырма бірнеше күн бұрын ғана алдымызға қойылды. Ақтөбедегі жағдайдан соң бұл мәселені тез арада шешу қажет болып отыр. Адам құқығына әсер ететін болғандықтан, мәселе өте күрделі. Учаскелік полициядан бұл жағдайды қатаң бақылауға алуын да сұраймыз, – деді ол.

Бұған дейін Шойкин басқаратын дін істері комитетінің бөгде ел аумағында террорлық әрекеттерге қатысушыларды азаматтықтан айыру туралы ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз