Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Динара Қырықбаева екінші сәбиіне жүкті (фото)

Тұрмысқа шығып, балалы болғаннан кейін Динара сахнаға мүлдем шықпайтын болды. Десе де жанкүйерлері оны ұмытқан емес. Өнер әлемінен көрінбесе де, Динараның желідегі парақшасын 900 мыңнан аса жан қызықтап тамашалайды.

Күні кеше миллионға жуық оқырман Динараның қуанышының куәсі болды. Әнші өзінің “ерекше күйдегі” суретін жариялап: “Бақытты сатып ала алмайсың, есесіне оны дүниеге әкелуге болады”, – деп жазды.

Суреттен Динараның жүкті екенін байқаған жұрт оны құттықтай жөнелді.

“Құттықтаймыз, көпбалалы отбасы болғанға не жетсін, 2 баламен шектелетіндерді түсінбеймін, бала деген бақыт қой”, “Құттықтаймыз, ұрпақ байлығын тілеймін”, “Құттықтаймыз Динара, Айшаның артынан іні-сіңлілері ере берсін”, “Аман есен босанып алыңыз”, “Жаныңыз қалсын”, – деп ақ тілектерін жаудырды желі оқырмандары.

Айта кетейік, Динара 2015 жылы Олжас есімді азаматпен шаңырақ көтерген. Жұптың 1,5 жасар Айша есімді қызы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз