Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Динамо»: 2017 – саламатты өмір салтын белсенді қолдау жылы

Жиында сөз алған «Динамо» бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов динамошы-спортшылардың өткен жылғы Рио де Жанейродағы жетістіктерін атап өтті. Ол кезде жігіттер 5 спорт түрі бойынша олимпиадалық 3 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль алып, ел мәртебесін асқақтатқан. Сондай-ақ ол Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде динамошы-спортшылардың еліміз үшін 62 олимпиадалық медаль, оның ішінде 16 алтын, 19 күміс, 27 қола медаль жеңіп алғанын хабарлады.

Конференцияда «Динамо – Қазақстанның балаларына», «Ауыл – XXI ғасырда», «Есірткіге жол жоқ» сияқты әлеуметтік-маңызды бастамаларды іске асыру үшін «Жас Динамо» бұқаралық жастар қозғалысы тұжырымдамасы қалыптастырылды. Осы іс-шаралар аясында 140-тан астам әртүрлі акциялар өткізіліп, оған 12 мыңнан астам адам қатысқан. «Динамо» өз кезегінде «Workout Street» Федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан.

Конференцияда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Динамо» спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттады. Жалпыкомандалық есепте І-орынды ІІМ-нің командасы, ІІ-орында – ҰҚК ШҚ командасы, ІІІ-жүлделі орынды ІІМ-нің Мамандандырылған күзет қызметі командасы иеленді.

Бұған қоса, «Динамо» қоғамының Алтын Орденімен «Динамо» бірлестігі президиумының мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-ның 8 мәрте чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының иегері Берікқазы Сексенбаев марапатталды, динамолық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, ҚР ҰҚК ШҚ директоры Дархан Дилманов, ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Игорь Лепеха медалдармен марапатталды.

Конференция соңында министр «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы 2017 жылды балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спорты мен саламатты өмір салтын белсенді қолдау жылы деп жариялағанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз