Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Дін министрлігі: Елімізде қысқа балақ пен ұзын сақалға тыйым салынбайды

Осыған дейін заң жобасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, қоғамдық орындарда бет-ауызды тұмшалайтын киімдерді киюге тыйым салынатыны хабарланған болатын. Тек қызметтік міндетті атқару кезінде, медициналық, азаматтық қорғау мақсатында, сонымен қатар бұқаралық мәдени-спорттық шаралар кезінде рұқсат беріледі. Оңғарбаевтың айтуынша, мұндай норма көптеген елде бар.

“Бетті тұмшалайтын киім киюге болмайды деген норма болады. Мәселен, бұл паранджа, басқа да киімдер. Осы мәселе бойынша көптеген Еуропа елдерінде тәжірибе жинақталған, сот тәжірибесі бар. “Бұл адам құқықтарын бұзады” деп осы елдің ааматтары адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымданды. Бірақ сот барлық істер бойынша осы нормалар енгізілген елдердің заңдарына қолдау танытты”, — деп атап өтті ол.

“Деструктивті идеологиялық ағымдардың нышаны болып табылатын киім бұл басқа мәселе. Бұл жерде тек дін ғана емес, мәселен, свастика секілді фашистік белгілер, ку-клукс-клан нышандары немесе антисемитизмді, нәсілдік дүниелерді насихаттайтын дүниелер болса, тиісінше бұл адамдарға жаза қолданылатын болады”, — деді Оңғарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз