Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
11
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Дін істері министрі Тайжанның ескертпесіне жауап қатты

Еске сала кетелік, қоғам қайраткері салалық министрліктің мешіттерде уағызды орысша жүргізу туралы ұсынысына наразылық білдірген болатын. Оның пікірінше, мешітке баратындардың 99 пайызы – қазақтілділер, сондықтан мешіттегі уағыз тек қазақ тілінде болуы керек.

– Қоғамда қандай мәселе көтерілсе, біз сол мәселені қарастыруымыз керек. Қазір қоғамда бұл мәселе көтеріліп отыр. Себебі қазір көптеген мешітке жастармен қатар үлкен кісілер де келуде. Олардың қатарында қала, ауыл тұрғындары да бар. Олардың көбі имамдардың қазақ, араб тілінде оқитын уағыздарын түсінбейді. Тек қалалық тұрғындар емес, ауылдан келген жастар да түсінбей жатады,- деді министр.

Нұрлан Ермекбаевтың түсіндіруінше, оған діни тіл мен тұрмыстық тілдің екі бөлек болуы себеп болып отыр.

– Сондықтан діни тілді оқу қажет. Ал қазақша түсінбейтіндер қайда барады? Олардың дінге деген қызығушылығы бар, түсінгісі келеді. Бірақ, мешіттерде айтылып жатқан мәселелерді түсінбесе олар деструктивті ағымдардың өкілдеріне баруға мәжбүр. Ондай ағымдардың белсенділері қазақша да, орысша да сөйлей береді, жастарды өздеріне тартып алады. Өздеріңіз айтыңыздаршы, бұл қоғамға жақсы ма, жаман ба? Жақсы емес.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми, жақсы білім алған имамдары жастарға, басқа да заматтарға өздерінің ойларын, пікірін жеткізуін қамтамасыз етуіміз керек. Сол себепті бұл мәселе көтеріліп жатыр. Мешіттерге тек қазақтар емес басқа да ұлттардың өкілдері келіп, ислам дінін түсінгілері келеді. Осыған орай бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Бірақ, шешім қабылданған жоқ. Мүмкін кейбір өңірлерде болып қалар. Барлық жерде енгізу қажет деп ешкім айтқан жоқ, – Нұрлан Ермекбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз