Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы ең танымал “Easy” журналына қысқа сұқбаты жарияланды. Журналдың мұқабасы мен айқара беттеріне де Димаштың суреттері орналастырылды.
Бұл туралы әншінің фанаттарының Instagram-дағы @dimash_alpanda тобында жария етілді.
– Үйден шыққанда, қолына нені ұстай ала шығасың?
– Кілтімді.
– Соңғы кездері сені мазалап жүрген нәрсе бар ма?
– Мені ештеңе мазалай алмайды.
– Уақытында оянуың үшін саған оятқыш керек пе?
– Әрине, бұл жағынан маған көмектесетін адам табылса, жақсы болар еді.
— Алған сыйлықтарының ішінде қайсы қатты әсер етті?
– Әрбір сыйлық өзінше ерекше.
– Сен көп жүгінетін сөз?
– Барлық сөз.
– Соңғы рет қандай ән тыңдадың?
– Michael Jackson – Beat It.
– Ұйықтар алдында не істейсің?
– Өзімнің бас амандығым үшін сыйынам.
– Өзіңе қай жерің көбірек ұнайды?
– Бұл сұраққа жауап беру біртүрлі екен! Мен оны айта алмаймын.
– Бала кездегі арманың қандай?
– Ең мықты әнші болу.
– Сенің бізге әлі көрсетпеген немесе бөліспеген қандай да бір қабілеттерің бар ма?
– Көп қой… ха-ха-ха, қалжыңдаймын, әрине. Алда өздеріңіз көре жатасыздар ғой.