Димаш Құдайбергеннің “Астана Аренада” өтетін концертіне талай өнер майталмандарының келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sputniknews.kz агенттігі.
Мәселен, жарқырап шыққан жас талант Димаш бауырымыздың кешінде Танымал Ресей әншісі мен актрисасы Кристина Орбакайте, сонымен қатар, “Евровидения-2012” байқауының жеңімпазы Лорин өнер көрсетеді.
Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында 27-маусымда “Астана Арена” стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады.
“Менің #Bastau-ымның құрметті қонақтары! 27-маусымда Сіздермен кездесуге асықпын! Билеттер Астанадағы барлық кассаларда!”, — деп жазған Димаш.