Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Димаштың әке-шешесі қалай қателесті?

3006

Өзі де бір әңгімесінде әке-шешесін қатты сыйлайтынын айтып қалған. Ресейдің жүрегін жаулап алмақ болып, бұл жолы оны Мәскеуге жіберді. Ата-анаңның көңіліне қараған да дұрыс қой.

«Крутойға сенбе…». Димаш Ресейге бекер барды

Бірақ әке-шешесі осы жолы қателесті. Біздегілерде әлі күнге дейін Мәскеуге қарап сағатын түзейтін Сәвет кезінен қалған бір психология бар.

Сағатын ғана түзеп қоймайды ғой, Мәскеуді әлі де орталық секілді көреді солар. Осы психологиядан құтыла алмай-ақ қойдық.

Игорь Крутой Димашты қолына алып, оған бәрі керемет болады деп, уәдені үйіп-төгіп беріп жатыр екен. Игорь Крутой деген кім?

Игор Крутой – постсәветтік республикалардың ауқымнан аса алмаған «жұлдыз». Димашты ол пиарға (өзін жарнамалауға) пайдаланып кетуі де мүмкін.

Бізге қазір батысқа, Европаға қарап бет түзеу керек. Ресейдің музыка нарығымен әлемдік нарықта ешкім санаспайды.

Димаш егер оларға байланып қалса, әлемдік аренадағы біраз беделден айырылып қалғалы тұр. Оған орысты мойындатып керек емес. Европаны мойындатса болды. Европа мойындаса – әлем мойындағаны оны!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

Орысша сөйлеу мәдениеттілікті білдірмейді (видео)

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз