Әнші Әйгерім Рақыш (лақап аты Ayree) отандық I am a Singer жобасына қатысып, төрешілер мен көрермендерді таңдай қақтырды.
Айри жобаның іріктеу кезеңінде әлемге әйгілі әнші Селин Дионның “I surrender” әнін шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Залда отырған көрерменнің 90 пайызы әннің ортасына жетпестен Айриге дауыс берді. Сәкен Майғазиевтің айтуынша,
мұндай көрсеткішке бұған дейін бір де бір қатысушы жетпеген.
“I am a Singer жобасында деңгейді көрсету үшін сен сияқты әнші бізге ауадай қажет еді. Сен келдің, біз сені күттік”,
– деп қуанды Сәкен.
«Сұмдық екен…». Singer жеңімпазы Джессидің өзі Димашты көргенде аузын ашты (видео)
“Мен Айриді бұрыннан білемін. Бірақ онымен Қазақстанда танысқан жоқпын. Ол халықаралық “Славян базары” байқауына Қазақстанның атынан шықты. Бұл қыз еліміздің “сен тұр, мен атайын” дейтін бір топ шоқ жұлдыздардың ішінен өзіндік ерекшелігімен көзге түседі.
Біріншіден, ол бірегей тембр иесі. Байқасаңыздар, жоғары нотаны алғанда тембрлік бояуы алуан түрлі болып шығады.
Бүкіл сахнаны әнімен жаңғыртып жібереді”, – деп бағасын берді қатал төреші Элхан Ахмедов.
«Димашты да өстіген…». Беспаев Зайытов құсап масқара болды (видео)
Сол сияқты Мақпал Исабекова да Айридің өнеріне таңдай қағып, айтарға сөз таба алмай отырғанын, тіпті жылағысы келгенін жасырмады.